Өскемендегі өртке қарсы шара

2018 жылдың басынан бері Өскемен қаласы аумағында 120-дан астам өрт болып, онда 19 адам қаза тапты. Өрттердің жалпы себебі – ақаулы электр құралдарын пайдалану немесе пайдалану талаптарын бұзу, абайсыз болу, т.б.
Жуырда Өскемен қаласы ТЖБ Мемлекеттік өрт-бақылау бөлімінің мамандары Жергілікті полиция қызметімен және «Жас Отан», «Нұрсалауат» жастар денсаулық орталығының волонтерлерімен бірлесіп, өрт қаупі жоғары тұрғын үйлерге рейд жүргізді.
Алдымен инспекторлар алкогольді ішімдікке әуестенген әйел тұратын тұрмысы нашар отбасына бет алды. Оның төрт баласы бар және үйінде берекетсіздік орын алған. Рейдке қатысушылар оған пешті пайдалану ережелерін және қауіпсіздік мәселелерін түсіндірді.
Екінші мекен-жайға келген инспекторлар ол үйде адамдар болмағандықтан, нұсқаулықты есіктің сыртына ілуге тура келді. Дегенмен, кезекті қолайсыз отбасылардың біріне келгенде, қожайын алкогольді ішімдікті қойғанын және жұмысқа орналасқандығын айтып ақталды. Оған да волонтерлер өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау туралы нұсқаулық өткізіп, шұғыл қызметтердің телефондарын еске салып, жадынама табыстады.
Рейдтті қорытындылай келе, Өскемен қаласы ТЖБ мамандары: «Кейбір азаматтармен жеке кездесе алмағанымыз өкінішті. Бірақ, өртке қарсы нұсқаулықты тыңдаған адамдар дұрыс қорытынды жасайтынынан үміттенеміз», – деп атап өтті.

Өскемен қаласы ТЖБ баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*