«Абу-Даби Плаза» тағы «өртенді»

Астана қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ «Абу-Даби Плаза» көпфункционалды кешенінде өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді.
«Абу-Даби Плаза» – қабаттар саны әртүрлі бірнеше ғимараттан тұратын көпфункционалды кешен. Кешеннің құрылысы 2010 жылдың қараша айында басталған. Құрылыс біткеннен кейін «Абу-Даби Плаза» Қазақстан мен Орта Азиядағы ең биік, ал әлемдегі 14-ші ғимарат болады. Ғимараттың биіктігі – 382 метр, ал қабаттар саны – 77. Аумақтың жалпы көлемі 500 шаршы метрді құрайды.
Оқу-жаттығудың сценарийіне сәйкес дәнекерлеу жұмысын жүргізу барысында 33-қабаттағы құрылыс материалдарының жануы орын алып, өрт жоғары қабатқа жайылған.
Қызмет көрсету персоналы өртті байқап, өртке қарсы қызметке хабарлайды, ғимараттан адамдарды эвакуациялауға және бір мезетте өрт сөндірудің алғашқы құралдары арқылы өртті сөндіруге кіріседі.
Оқиға орнына жоғары шақыру нөмірі бойынша өрт сөндіру бөлімшелері және жедел ден қою қызметтері (АМО, ОӨАЖҚЖ, ІІД, 103, АЭҮК) жіберілді. Оқиға орнына жедел түрде келіп жеткен Өрт сөндіру қызметінің өрт сөндірушілері әскери өрістету, өртті сөндіру және зардап шеккендерді іздеу жұмыстарын бастайды. Газ-түтіннен қорғау қызметі топ құрамында барлауды, құтқару үшін зардап шегушілерді іздестіруді және адамдарды эвакуациялау жұмыстарын тоқтатпастан жалғастырды. Өрт ауыздықталды, оның таралу қаупі жоқ. Жану аумағы 100 шаршы метрді құрады.
Оқу-жаттығуға жеке құрамнан 30 адам және 8 техника жұмылдырылды. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – адамдарды қауіпсіз жерлерге көшірудің әдіс-тәсілдерін қолдану, пысықтау және адамдар көп жиналатын ғимараттарда құтқару жұмыстарын жүргізуге машықтану.

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*