Үздік жасақ тәрбиешілері

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД ЕС-164/9 мекемесінде «Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Үздік жасақ тәрбиешілер Кеңесі» конкурсының бірінші кезеңі өтті.
Оған жасақ бастығы, әділет аға лейтенанты Арман Асқарұлы Алтайбеков қатысты.
Регламентке сәйкес конкурс төрт кезеңнен тұрады, әр кезең бойынша бағаланып, орташа балы шығарылды.
Конкурстың бірінші сәлемдесу кезеңінде регламентке сәйкес, жасақ бастығы, әділет аға лейтенанты Арман Асқарұлы қазылар алқасына «Алые паруса» эмблемасын сауатты және әдемі таныстырып өтті.
Екінші кезеңде қазылар алқасы назарына сотталған В. Васильевтің үлгілі мінез-құлқы, еңбекке адалдығы үшін және сотталғандардың 2018 жылғы жазғы спартакиадаға белсенді қатысқаны үшін көтермелеу туралы бейнебаяны ұсынылды.
Үшінші кезең – медициналық дайындық. Әділет аға лейтенанты Арман Алтайбеков медицина саласындағы бастапқы білімін және алғашқы медициналық көмек көрсету дағдылары туралы айтты.
Конкурстың төртінші кезеңіне А. Алтайбековтің жазғы денешынықтыру даярлығы бойынша сынақ нәтижелері ұсынылды.
Сайыс соңында әрбір қазылар алқасының мүшелері өздерінің ескертулерін, ұсыныстары мен тілектерін айтып, конкурстың екінші облыстық кезеңіне жеңіске жетуін тіледі.

Болат АЙТЫМОВ, Солтүстік Қазақстан облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*