Сыр еліндегі көші-қон

Қызылорда облыстық ІІД Көші-қон қызметі құрылымдары заңсыз көші-қонға қарсы күрес бағытында 2018 жылдың 7 айында атқарған жұмыс нәтижелерін жариялады.
Жыл басынан облыс аумағына түрлі мақсаттармен келген 27080 шетел азаматы уақытша тіркеуге алынды, оның 25184-і – ТМД елдерінен, ал 1896-сы – алыс шетелдерден.
Жүргізілген профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 517-бабы бойынша 3307 шетелдік анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Әкімшілік жолмен республика аумағынан 212 шетелдік шығарылды.
Салынған әкімшілік айыппұл 9 млн 168 мың теңгені құрап, оның 8 млн 423 мың теңгесі, яғни 91,8 % өндірілді. Жыл басынан 10 мың 391 шетелдіктің еңбегі заңдастырылды.
Алдағы уақытта да заңсыз көші-қонмен күрес, шетелдіктердің еңбегін заңдастыру бағытындағы жұмыстар өз жалғасын табады.

Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*