Сотталғандарға құқықтық көмек

Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті мен Солтүстіқ Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бірлескен жоспарына сәйкес ЕС-164/9 мекемесі заң кеңесшісімен бірлесіп сотталғандар арасында құқықтық түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Сотталғандарға түсіндіру жұмыстарын өткізу үшін Әділет департаменті, Денсаулық сақтау басқармасы Үйлестіру және жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламасы басқармасы, Солтүстік Қазақстан облысының адвокаттар алқасы, облыстық нотариалдық палата, Сот актілерін орындау департаменті, Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының өкілдері шақырылды.
Олар 12 сотталғанды қабылдап, қызықтырған сауалдарына жауап берді. Көтпеген сұрақтар 2018 жылғы 12 шілдедегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерін жетілдіру мәселелері бойынша қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу заңнамасы мен шешіміне өзгерсітер мен толықтырулар еңгізу туралы заң төңірегінде болды.
Бұл сотталғандардың құқықтары мен міндеттері бойынша білім деңгейін жоғарылату үшін жыл сайын өтетін оң мәні бар іс-шара. Қатысушылардың пікірі бойынша мұндай шаралар өзінің пайдалылығы мен қажеттілігін көрсеті.

Эльмира САДАЕВА, Солтүстік Қазақстан облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*