Ақмоладағы қарасора плантациясы

Ақмолалық тәртіп сақшылары қарасора жабайы өсімдігінің плантациясын анықтап, жойды.
«Көкнәр-2018» жедел алдын алу іс-шарасы аясында Ақмола облыстық ІІД ЕБКБ қызметкерлері аудандардың бірінен 234 келі 695 грамм есірткі құрамды өсімдік тәркіледі. Бірнеше түп өсімдік сараптамаға жолданып, нәтижесінде каннабис текті өсімдік екені анықталды.
Жабайы өсімдіктің өсу орны жайлы ақпарат өткізіліп жатқан іс-шара барысында белгілі болды.
Атап өту қажет, Ақмола облысында жылдың басынан бері осындай 4 плантация жойылып, 567 келіден астам жабайы өсімдік тәркіленді. Сонымен қатар, қарасора жабайы өсімдігін жою шарасын қабылдамағаны үшін (ӘҚБтК 420 б. ) үш азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл бап бойынша заңды емес тұлғаларға 10 АЕК, ал шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 40 АЕК, орташа кәсіпкерлік субъектілеріне 70 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 100 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған.
«Облыста қарасора жабайы өсімдігінің өсу орнын анықтау және жою бойынша жұмыс жалғасуда», – деп атап өтті Ақмола облыстық ІІД ЕБКБ бөлім басшысы, полиция подполковнигі Мейрам Жапбасов.
Тәртіп сақшылары азаматтарды есірткі құрамды өсімдік, қарасора өсімдігінің өсу немесе өсіру фактілері жайлы ақпарат болған уақытта дереу арада аймақтық ішкі істер органдарына хабарлауды сұрайды.

Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*