Мақсат – ауған апиынын тоқтату

10 тамызда Алматы қаласында Есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы (ОАӨАҮО) базасында ҰҚКҰ-на мүше мемлекеттердің Есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі құзіретті органдары басшыларының үйлестіру кеңесінің Есірткіге қарсы операцияларды және қызметтің басқа бағыттарын ұйымдастыру жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.
Іс-шараға Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымының хатшысы М. Мелихов, Ресейдің, Арменияның, Тәжікстанның, Қырғызстанның және Қазақстанның құзіретті органдары өкілдері қатысты.
Отырысқа қатысушылар Есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі құзіретті басшыларының үйлестіру кеңесінің келесі Ауғанстан және Иран құзіретті органдары басшыларының қатысу ықтималдығын қарастырды.
Сондай-ақ, «Канал-Красный бархан» шартты атауымен «Канал» Өңірлік есірткіге қарсы операциясына дайындық талқыланды, операцияның халықаралық орталығы Шымкент қаласында орналасады. Арнайы операцияда ҰҚКҰ-на мүше-мемлекеттердің есірткіге қарсы құрылымдарының 22 мыңнан астам қызметкері қатысады.
Операцияның мақсаты – ауған апиыны транзитіне қарсы іс-қимыл жасау, каннабис тобындағы есірткілерді өндіру арналған есірткі шикізатын анықтау және жою, ҰҚКҰ мүше-мемлекеттер аумағында синтетикалық және психобелсенді жаңа заттарды тарату арналарының жолын кесу. Бақылаушы ретінде Ауғанстан, Иран, Қытай, Өзбекстан, Германия және Польша өкілдері қатысады.

ІІМ баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*