Оңалтудың бірінші қадамдары

Жуырда Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, криминогендік ахуалды тұрақтандыру мақсатында профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды. Іс-шараға 65 қызметкер жұмылдырылды.
Рейд барысында үйлер тексеріліп, тұрғындардың тізімдері алынды. Азаматтармен кездесу ұйымдастырылып, қойылған сұрақтар бойынша шешімдер қабылданды.
Жеке аңшы қаруы бар 45 тұрғынның қарулары тексеріліп, қаруды сақтау ережесін бұзғандары үшін 2 азаматқа қатысты ӘҚБтК-нің 484-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттамалар рәсімделіп, 24 050 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Сонымен бірге, әртүрлі құқық бұзушылықтар жасағандары үшін 22 азаматқа қатысты әкімшілік хаттама рәсімделді. Оның ішінде, 593-баптың 2-бөлігімен (қауіпсіздік белдігі) – 2, 592-баппен (жылдамдықты арттыру) – 5 жағдай орын алды.
Аудандық Ішкі істер бөлімінде есепте тұрған 11 адам мекенжайларынан тексеріліп, олармен қылмыс пен басқа да заңға қайшы іс-әрекеттерге жол бермеу туралы профилактикалық бағытта әңгімелер жүргізілді.
Тексеру нәтижесінде Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзғаны үшін Өзбекстан Республикасының 2 азаматы анықталып, Жаңақорған аудандық ІІБ-не жеткізілді. Аталған бағыттағы іс-шаралар өз жалғасын таба береді.

Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*