Талдықорғандағы турнир қорытындылары

Талдықорған қаласындағы «Жетісу» орталық стадионында республикалық өрт-құтқару спорты бойынша жасөспірімдер арасындағы VІІІ жаздық чемпионатының жабылу салтанаты өтті.
Жарысқа еліміздің барлық облысынан 16 команда қатысты. Екі күн ішінде олар төрт кезең бойынша үздік команда атағы үшін күресті.
Жабылу шарасында Республикалық өрт сөндіру және құтқару спорт федерациясының директоры, бас төреші Дәурен Данаев чемпионаттың қорытындысын шығарды. Өз сөзінде ол Қазақстанда өрт-құтқару спорты жастар арасында жаңа деңгейге өтті деп атап өтті. Спортшылардың шеберлігін көрсетуге ыстық ауа райы кедергі болмады. Бұл да сынақтың бір түрі.
Чемпионат бағдарламасына кедергілері бар 100 метрлік жолақтан өту, 4х100 өрт сөндіру эстафетасы, оқу мұнарасының қабаттарына шабуылдау сатысымен көтерілу, жауынгерлік қанат жаю сайыстары енді.
Кедергілері бар 100 метрлік жолақты бағындыру бойынша келесі командалар жеңіске жетті:
1-орын: Шығыс Қазақстан облысы;
2-орын: Маңғыстау облысы;
3-орын: Астана қаласы.
4х100 өрт эстафетасы бойынша:
1-орын: Астана қаласы;
2-орын: Шығыс Қазақстан облысы;
3-орын: Маңғыстау облысы.
Оқу мұнарасының қабаттарына көтерілуден:
1-орын: Шығыс Қазақстан облысы;
2-орын: Атырау облысы;
3-орын: Алматы облысы.
Жауынгерлік қанат жаюдан:
1-орын: Ақмола облысы;
2-орын: Алматы облысы;
3-орын: Шымкет қаласы.
VIII чемпионаттың қорытындысы бойынша жалпыкомандалық сынақта келесі командалар алға шықты:
1-орын: Шығыс Қазақстан облысы;
2-орын: Шымкет қаласы;
3-орын: Маңғыстау облысы.
Дәурен Данаев Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысына іс-шараны ұйымдастырудың жоғары деңгейі үшін, сондай-ақ, төрешілер алқасының құрамына алғыс білдірілді.
Чемионат соңында жеңімпаздарға медальдар мен кубоктар тапсырылып, дипломдармен марапатталды. Бұған қоса, ұйымдастырушылар атынан естелік сыйлықтар табысталды.

Алматы облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*