Теңіз жағалауындағы түсіндірме жұмыстары

Маңғыстау облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметі мен үкіметтік емес ұйымдардың бірлесуімен отбасындағы зорлық-зомбылықтардың және мас күйде жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Ақтау қаласында «Өз құқығыңды біл, өзіңді қорға» атты акция өтті.
Отбасылық зорлық-зомбылық құрбандарына жан-жақты көмек көрсету саласындағы мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың өзара іс-қимылы туралы меморандум негізінде ұйымдастырылған іс-шарада тәртіп сақшылары теңіз жағалауында қала тұрғындарымен кездесті.
Одан бөлек, акцияға Маңғыстау облысы ЖҚҮжӘББ №2 арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының директоры К. Қалиева, мекеме заңгері Д. Бегдисенов, «РАЙ» шұғыл әлеуметтік көмек көрсету орталығының басшысы Р. Бекманова, «Мейерім» қоғамдық қорының төрағасы А. Муха, «Ана үйі» қоғамдық қорының үйлестірушісі А. Сапашова, «Бала асырап алу орталығының» маманы Э. Абишова және психологі Ж. Мұхамеджанова да белсене қатысты.
Іс-шара кезінде полиция қызметінің эмиджін көтеру, халықпен етене жақын болу, олардың құқықтарын түсіндіру, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, еліміздің болашағы үшін саналы ұрпақ тәрбиелеу, толыққанды жанұяның беріктігін нығайту, отбасында келеңсіздікті болдырмау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Зорлық-зомбылық көрмеуі үшін отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастардағы қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау, сонымен қатар, өз құқығын білуге, өзін-өзі қорғауға халықты заң тұрғысында, әлеуметтік және психологиялық тұрғыдан сауаттандыру, кеңестер беру мақсатында қала тұрғындарына ақпараттық әдістемеліктер, брошюрлар таратылды.

Маңғыстау облыстық ІІД ЖПҚ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*