Саяжайларға тексеріс күшейді

Қызылордалық полицейлер қалаға қарасты Пищевик, Ягодка, Дружба, Строительная саяжайларында кешенді рейдтік тексерулер жүргізуде. Іс-шараға 42 қызметкер және 6 автопатруль жұмылдырылды.
Рейдтің басты мақсаты – қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, тұрғылықты жерінен ІІО-да есепте тұратындарды тексеру.
Жыл басынан бұл саяжайларда бірнеше рет қысқа мерзімді іс-шаралар өтті. Дегенмен, полиция қызметкерлері рейдтік іс-шараларды жалғастырып, жоғарыда аталған саяжайларда 149 үйді аралап, тұрғындарға учаскелік полиция инспекторлардың визиткалары таратты. Қалған үйлердің бәрі алдағы уақытта тексеріледі.
Автопатрульдер рейд жүргізу барысында 6 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Олар ӘҚБтК-нің 440-бабы (қоғамдық орындарда мас күйде жүру) бойынша 4 дерек, 608-бабы (автокөлікті мас күйде айдау) бойынша 1 дерек, 612-бабы (автокөлікті құжатсыз айдауу) бойынша 1 дерек анықталып, құқық бұзушылардың барлығы жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қоса, ІІО-да тіркеуде тұрған 4 аңшы мылтығы бар қару иелерінің мекен-жайлары тексерілді. ІІО-да есепте тұрған 8 адаммен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында профилактикалық әңгімелер жүргізілді.

Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*