Шекаралық әріптестік шешімін табуда

Солтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінде Қорған, Омбы және Түмен облыстарындағы әріптестермен шекаралас ынтымақтастықты дамытуға баса назар аударылады. Өңір полицейлерінің бастамасымен соңғы жылдары бейнеселекторлық форматтағы кеңес түрінде өткізілген үш кездесу бірлескен жұмысқа жаңа серпін берді.
Ынтымақтастық барысындағы мәселелер Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері ұйымдастырған кезекті онлайн режиміндегі кеңесте талқыланды.
«ІІД аппаратының қызметтері, аудандық бөліністер басшылары көрші елдегі әріптестерімен тығыз қарым-қатынас орнауы қажет. Сонда ғана қызметтік іссапарлар мен ресейлік әріптестердің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде көмек көрсетуі нәтижелі болады», – деді облыстық ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов.
Криминалдық полиция қызметкерлері өзара іс-қимыл жасасу шеңберінде Ресейде іздеуде жүрген қылмыскерлерді анықтау бойынша жұмыс жүргізуде. Криминалистикалық есептер бойынша тексеріс жүргізу үшін тоқсан сайын шекаралас облыстарға ашылмаған қылмыстар орындарынан алынған іздер бойынша материалдар, сондай-ақ, танылмаған мәйіттер және хабар-ошарсыз жоғалған тұлғалар бойынша ақпараттар жолданады.
Есірткі бизнесіне қарсы күрес желісі бойынша Ресей Федерациясының құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасасудың оң мысалы – Қазақстан Республикасына синтетикалық психобелсенді заттарды жеткізу арналарының жолын кесу болып табылады.
РФ Ішкі істер министрлігімен қылмыскерлерді анықтау және ұстау бойынша бірлескен жұмыс жандандырылды. Есептегі тұлғаларды тексеру және жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында РФ шекаралас облыстары үшін 6 қылмыскер анықталды.
Өз кезегінде ресейлік тәртіп сақшылары біздің елдің 4 қылмыскерін ұстады. Олардың 2-і Омбы, ал қалған екеуі Түмен және Қорған облыстарында жасырынған.
Атап айтқанда, тонау жасағаны үшін істі болған және шартты-мерзімінен бұрын босап шыққан, бірақ профилактикалық бақылаудан жалтарып жүрген отандасымызды Қорған облысындағы сақшылар Макушино қаласында құрықтап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазір қазақстандық экстрадициялау процедурасынан өтуде.
Шекаралас өңірлердің тәртіп сақшылары жол қозғалысы қауіпсіздігі және қоғамдық тәртіп саласындағы құқық бұзушылықтар үшін айыппұл салынған тұлғаларға қатысты да күштерін біріктіруде.
Қорған, Омбы және Түмен облыстары бойынша РФ ІІМБ атына тоқсан сайын Солтүстік Қазақстан облысы аумағында айыппұлдар бойынша қарыздары бар тұлғалардың тізімдері жолданылады. Дәл осылай РФ айыппұлдары бойынша қарыздары бар тұлғаларға қатысты РФ келіп түсетін жазбаша сауалдарға сәйкес, облыстың әкімшілік полиция қызметкерлерімен жоспарланған іс-шаралардың тармақтарын орындау мақсатында «Авто қоңырау шалу» телефон байланысы арқылы борышкерлердің әкімшілік айыппұлдары және оларды төлеу қажеттілігі туралы хабарландыру түріндегі жұмыс жүргізіледі.
РФ шекаралас облыстарына хабардар ету үшін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2 млн теңгеден астам сомасына айыппұлы бар 827 тұлғаға қатысты тізімдер жолданылды. Бұндай шаралардың уақтылы қабылдануы құқық бұзушыларға ықпал ету тетіктерін табуға мүмкіндік береді және жазаның бұлтартпастығы қағидасының сақталуын қамтамасыз етеді.

Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*