Еңбегіне қарай құрметі

Қызметкерлерді лайықты демалысқа шығарып салу да ұжым өміріндегі есте қаларлық оқиғалардың бірінен саналады. Бұл тек бұрынғы қызметкер үшін ғана емес, бүкіл ұжым үшін маңызды сәт.
Жуырда Ақмола облысы ТЖД Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамы Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Талғат Аужановты салтанатты түрде құрметті демалысқа шығарып салды.
Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Тасов құттықтау сөз сөйлеп, байырғы қызметкерге құрмет пен ілтипат білдірді.
Талғат Айдарбекұлы азаматтық қорғау органдарында 20 жылдан астам жұмыс істеп, өрт сөндірушіден КҚЖБО бастығына дейінгі лауазымдарда жауапты қызметтер атқарды. Азаматтың өрт сөндіру, адамдарды құтқару ісінде еңбегі зор.
Ол өз өмірінің ең жақсы жылдарын азаматтық қорғау органдарына арнады. Өзіне жүктелген міндеттерді құрметпен және абыроймен орындады, жас қызметкерлерге үлгі болды. Өзінің қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін өңір басшылығы мен республика деңгейінде бірнеше рет марапатталып, алғысқа бөленді.
Талғат Айдарбекұлы қызмет барысында сабырлылық, өзге әріптестермен қарым-қатынастағы мәдениеттілік секілді қасиеттерге ие. Ол дұрыс жолмен мақсатқа жету үшін қарапайым ережелерді сақтау қажет, олардың ең маңыздысы – қызметкерлермен ашық байланыс болу керек деп есептейді. Азаматтың қызметке деген көзқарасы әрдайым жауапты әрі адал.
Өз кезегінде, Талғат Аужанов басшылыққа, қызметкерлерге алғысын білдірді және қызмет жылдары кезіндегі гарнизонның кейбір жетістіктерін атап өтті.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*