Қаруды қай кезде қолданады?

ІІМ Оқу орталығында (Теміртау қаласы) «Арнайы пәндер» циклы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен арнайы бастапқы оқыту курсының ауыспалы құрамы арасында «Қаруды қолдану құқығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Шараны «Арнайы пәндер» циклының бастығы, полиция майоры О. Смольникова кіріспе сөзбен бастап, полиция қызметкерлерінің қаруды қолдану мәселесінің маңыздылығы туралы айтты. «Бұл өзекті мәселе, себебі шекті жағдайда полиция қызметкерлерінің қаруды тіпті алып шықпаған күндері де болды, ал кейбіреулері оны қызметке мүлдем алмайтын. Ол қаруды пайдаланудың құқықтық шешімі стрестік жағдайда қабылдануына байланысты. Өкінішке орай, соңында полиция қызметкерінің қаруды заңды түрде қолдануын құқықтық бағалау әділетсіз түрде жауапкершілікке тартуға әкеліп соқтырады», – деп айтып өтті.
Атыс қаруын қолдану құқығын бірінші кезекте қылмыстың алдын алумен байланыстырады. Жүктелген өкілеттікті жүзеге асыру барысында қарулану құқығына тек құқықтық тәртіпті сақтау органдары ғана ие болады. Бұл бұлтартпау шарасын белгілі әкімшілік-құқықтық нормалармен байланыстырады. Қаруды қолдану бұлтартпау шаралары ретінде қарастырады.
Дөңгелек үстелді Теміртау қалалық ІІБ жол-патрульдік полициясы батальонының аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Е. Китапов «ІІО қызметкерлерінің атыс қаруын қолдануымен байланысты жағдайлар» тақырыбындағы баяндамасымен жалғастырды. Тәжірибеден мысалдар келтіріп, тыңдаушыларға қызмет өткеру кезінде қызметтік қаруды қолданудың өз тәжірибесі туралы баяндады, атыс қаруын және басқа да қаруларды қолданумен тұлғаларды ұстау бойынша жұмыстың ерекшеліктері туралы айтты.
Ашық сұхбат барысында ол тыңдаушылардың сұрақтарына жауап беріп, пікірлерін тыңдады. Сұхбат өте қызықты өтті.

А. МӘЛІКОВ, Қарағанды облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*