Ұрлыққа дәніккен бұзақы

Павлодарлық полицейлер велосипед ұрлығын жасады деген күдікпен облыс орталығының 33 жастағы тұрғынын ұстады.
Тәртіп сақшылары Шөкин көшесіндегі үйдің жертөлелерінің бірінен ілгекті құлыпты бұзу жолымен «Техо» маркалы велосипедті ұрлап, кезекті қылмысты жасаған кезінде ұрыны ұстады.
Ұрлықты ол көбінесе қосымша жайларда жасағаны анықталды. Жай сызбамен әрекет еткен, құлыптарды бұзған, велосипедті төмен бағамен базарда және кездейсоқ кездескен адамдарға сатқан.
Ұсталғанға қатысты ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қазіргі уақытта оның осындай басқа қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*