«Бақытты балалық шақтың қорғаны»

Алматы қаласы ҚАЖ департаментінің ЛА 155/6 мекемесінде жазасын өтеп жатқан кәмелетке толмаған сотталғандар арасында әртүрлі мәдени-әдеби және спорттық шаралар жиі өткізіледі. Жасөспірімдердің болашақта түзу жолмен жүріп, бостандыққа шыққан соң қоғамның толыққанды азаматы болулары үшін атқарылып жатқан тәрбиелік шаралардың бірі жуырда өткізілген – «Бақытты балалық шақтың қорғаны» атты шара.
Алматы қаласының жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры Алма Ауғанбаеваның басшылығымен өткізілген концерттік және спорттық бағдарлама балалар үшін нағыз көңілді мереке болды. Мекеме бастығының міндетін атқарушы әділет майоры Гүлшат Нұржанованың құттықтау сөзімен ашылған аталған шараны жастар ресурстық орталығының жетекшісі Әбутәліп Семанбек жүргізді. Концерттік бағдарламаның беташарын «Өрнек» аула клубының жетекшісі Ринат Уәлиевтің рок тобы заманауи «Менің Қазақстаным» әнімен ашса, «Темірлан» демалыс орталығының ережесіз жекпе-жек жетекшісі Н. Амировтың шәкірттері спорттық ойын тәсілдерін көрсетті. «Сұңқар» демалыс орталығының шәкірттері таэквондо өнерінің тәсілдерін ұсынып, спортта да, өнерде де алда болу керек екеніне көз жеткізді. Сонымен қатар жазалы жасөспірімдер «Элегант» рок тобының әншісі Қуат Қонысбектің өнеріне қуана қол соқты.

Гүлнәр МАҒЗҰМОВА

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*