Спорт – оңалтудың тиімді жүйесі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген іс-шаралар жоспарының ішіндегі тармақтарының бірінде «Ерікті тәлімгерлер» ретінде азаматтарды тағайындау керектігі көрсетілген. Бұл іс-шаралардың басты мақсаты – пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалармен қайта қылмыс жасауының алдын алу мақсатында үгіт насихат жұмыстарын жүргізіп, мәдени-спорттық шараларға тарту көзделген.
Осыған орай жуырда Тарбағатай аудандық №1, №2 пробация қызметінің ұйымдастыруымен қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға сотталғандар арасында шағын футболдан турнир өткізілді. Бұл спорттық жарысқа 5 команда жасақталып, айналмалы жүйе бойынша пробация қызметінің қойған арнайы кубогын сарапқа салды. Жарыс қорытындысы бойынша өз ойындарымен ерекшеленген Е.Қапасов «үздік қақпашы» атанса, «үздік қорғаушы» болып Ақжар ауылынан келген Ә.Искаков, С.Бейбітов «үздік шабуылшы» атанды. Аталған ойыншыларға Тарбағатай аудандық №1 ПҚ бастығы, әділет капитаны Э.Калымбекова бағалы сыйлықтар мен арнайы мадақтама қағазын табыстап, жарыс жеңімпаздары мен жүлдегер болған командаларды ІІО-ның зейнеткері, ерікті тәлімгер С.Маиров пен Тарбағатай аудандық №2 ПҚ аға инспекторы полиция майоры Қ.Зейнелғабиденов, әділет аға лейтенанты А.Шабен сыйлықтармен марапаттады.

Р.АСЫЛЖАНОВ, ШҚО бойынша ҚАЖД
Тарбағатай аудандық №1 пробация қызметі бөлімшесі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*