Мықтылар анықталды

Жуырда Ішкі істер департаментінің самбо бойынша дәстүрлі чемпионаты өтті. облыстық турнирде 9 команданың спортшылары қатысты. Аудандық бөлімдер мен Көкшетау қ. ІІБ мен ІІД аппаратының қызметкерлерінен тұратыын командалық топтар дайындықпен келді.
«Бұл турнир – тек қана жарыс қана емес, жеңімпаздар республика көлемінде облыс өкілі ретінде қатысу мүмкіндігіне ие болады. Осы чемпионат, самбо күресі спортында көптеген жаңа есімдерді ашатынына сенімдімін», деген ІІД бастығының орынбасары Виктор Буреев күрестің қатысушыларына салтанатты ашылу рәсімінде сәттілік тіледі.
Ақмола облыстық ІІД АДБ бастығының сөзінше, бүгін осы спорт түрі Ақмола облысы құқық қорғау органдарының арасында үлкен танымға ие. Тәртіп сақшыларының қатарында халықаралық класс мамандары қызмет жасайды, ҚР самбо бойынша спорт маманы, жас тәртіп сақшылары тұрақты түрде күреспен айналысады.
Сайыс жеке, сонымен бірге командалы түрде қатысушылардың салмақты категориясында өтті. Бірнеше сағат бойы тәртіп сақшылары жоғары мәртебеге сай екендерін анықтау мақсатында жекпе-жекке шықты. Қатысушылардың барлығы өте жақсы техника көрсетіп, жеңімпаз атануға бар күштерін салды.
Жарыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталды. Командалық есепте Ақмола облысы ІІД аппаратының өкілдері жеңімпаз атанып, екінші орынды Жарқайың АІІБ қызметкерлері иеленді, ал Біржан Сал атындағы аумақтың қызметкерлері үшінші орынға табан тіреді. Чемпионаттың жүлдегерлеріне кубок, грамоталар және сыйлықтар табыс етілді.

Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*