Жаңа рекорд

Жуырда Ақтөбе қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер арасындағы XXV және әйелдер арасындағы V Қазақстан Республикасының жазғы чемпионаты өтті. Чемпионатқа республиканың барлық өңірінен 17 ерлер мен 11 әйелдер командасы қатысты.
Жарыстың алғашқы күні елордалық ТЖ департаментінің спортшылары жаттығу мұнарасының төртінші қабатына шабуыл сатысымен көтерілуде жүлделі орындарды иеленді. 16-МӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы Нұралы Мағау тек жеңімпаз ғана емес, сондай-ақ 13,57 секунд нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының рекордын жаңартты. Үшінші орынды кәсіби дайындық бөлімшесінің нұсқаушысы Жасұлан Қайсарбеков алды. Әйелдер арасында қола медальды аға нұсқаушы Елена Гептина иеленді. Жарыстың екінші күнінде 16-МӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Николай Буторин кедергілері бар 100 метрлік жолақты кесіп өтіп, чемпион атанды. Сондай-ақ, осы жарыс түрінен әйелдер арасында 13-ӨСБ кіші нұсқаушысы Гаухар Қараманова қола медальды иеленді. Жарыстың үшінші күні біздің гарнизон жақсы нәтижелер көрсете білді, әйелдер командасы 4×100 метрлік эстафетада екінші орынды иеленді.
Жарыстың соңғы күнінде біздің әйелдер командасы жауынгерлік өрістетуде ерекше көзге түсіп, жүлделі үшінші орынды иеленді, осылайша, жарыстың төрт түрі бойынша өрт сөндіру-құтқару спортынан Қазақстан Республикасының жазғы чемпионатының төрт дүркін чемпиондары атанды.
Біздің жеңімпаздар Лаура Құлахмедова, Елена Гептина, Нұргүл Буторина, Айнагүл Мағау, Гаухар Қараманова, Еркежан Төлеген, Айнұр Әлімова, Айрина Әлмұханова, т.б. бағалы сыйлықтармен, дипломдар және кубоктармен марапатталды.

Ж. ЕРКІБАЕВ , Астана қаласы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*