«ҚАЗҚҰТҚАРУ-2018»

Жақында Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары «ҚАЗҚҰТҚАРУ 2018» құтқару көпжарысында облысымыздың намысын қорғады.
Жарыс барысында құтқарушыларға табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларға тән шынайы және жасанды бөгеттері бар қашықтықтардан өтуге тура келді. Жарыстың әр кезеңінен өту құтқарушылардан тек жақсы физикалық дайындықты талап етіп қана қоймайды, сонымен қатар командада жұмыс істей білу, төтенше жағдай кезінде тез шешім қабылдай алу қасиеті болу қажет. Командалық рухты қолдау мақсатымен, сонымен қатар, алдағы жарысқа қатысушылар арасында үздікті анықтау үшін бас құтқарушы-психологпен тренинг элементтері бар тапсырмалар, мысалы, көздерін жауып тұрып геометриялық фигураларды құру, суға толы тостағанды бір тамшы суын төкпестен бір-біріне тапсыру сияқты тапсырмалар орындалып, «ұқсастығымыз және айырмашылығымыз» көзқарасымен алмасу сияқты практикалық жаттығулар өткізілді. Құтқарушылар психолог берген барлық тапсырмаларды орындауда тәртіп пен шеберлікті көрсетті. Бұл тапсырмаларды, әрине, спорттық тапсырмалармен салыстыруға болмайды, алайда командалық рухты жаттықтыру эмоциялық деңгейде оңтайлы әсер етеді.

Александра ЮДАЕВА,
СҚО ТЖД

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*