Волонтерлердың үлесі

Жуырда Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының Құрманғазы ауданы бөлімшесінің құтқарушылары Құрманғазы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесіп, аудан бойынша рейд өткізді.
Мақсаты – су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алу. Бұл жолы құтқарушыларға «Жас Отан» жастар қанатының волонтерлары қосылды. Волонтерлар құтқарушылармен бірігіп, су бойында рейдтік шара барысында аудан тұрғындарына түсіндірме жүмыстарын жүргізіп, жадынамалар таратты.
Бұл шара Құрманғазы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі және «Жас Отан» жастар қанатының өзара жасақталған меморандум негізінде жүргізілуде. Өз кезегінде құтқарушылар әртүрлі орын алуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында аудан тұрғындарына түсінік жұмыстарын жүргізуге атсалысып жүрген жастарға ризашылығын білдірді.

Батыс өңірлік аэроұтқыр
жедел құтқару жасағы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*