«Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры өңірлерде «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастырып жатыр.
Қазіргі уақытта «Менің елім» бағдарламасының аясында «Туған елге саяхат» балалар экскурсиялық туры, «ӘРEKET» кәсіпкерлікті оқыту, «Шебер» атты балалар үйінің түлектерін оқыту мен жұмыспен қамту, «Күншуақ» балалар лагерін арнайы құралдармен жабдықтау және өңірлерде әмбебап спорт және ойын алаңдарын орнату жобаларын іске асырып жатыр. «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасының аясында жүзеге асырылатын жобалардың жалпы сомасы 3 175 503 828 теңгені құрайды.
«Туған елге саяхат» жобасына 12 мен 15 жас аралығындағы балалар қатысады. Бұл жобада балалардың мәдениеті мен патриотизмін дамытуға және оларды заманауи өмірдің қызықты жақтарымен қызықтыруға бағытталған Қазақстан бойынша экскурсиялық турлар ұйымдастырылады. Жаз мезгілінде арнайы пойызда 600 бала еліміздің әдемі жерлеріне барып, көрнекті орындарымен танысады. Пойыз бағдары Астанадан басталып, Байқоңыр, Алакөл, Түркістан, Алматыны басып өтеді. «ӘРЕКЕТ» жобасымен Қазақстанның 8 өңіріндегі коммерциялық емес ұйымдар арасында кәсіпкерлікті дамыту көзделеді. Жобада іріктеуден өткен коммерциялық емес ұйым өкілдері жетекші бизнес-тренерлерден тегін білім алады. Тренинг соңында үміткерлер өздерінің бизнес-жобаларын қорғап, ең үздік деп танылған жобалар әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мақсатында берілетін 500 000 теңге көлемінде грантқа ие болады. Бұдан бөлек, грант ұтып, өз ісін ашқаннан кейін 9 ай бойы кәсібін сәтті жүргізген бір коммерциялық емес ұйымға 1 000 000 теңге көлемінде қосымша сыйақы табысталады.

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*