Алапатөрттен 70 адам қаза болды

Грекияда бір күнде бірнеше жерден тұтанған орман өрттері дүйсенбіден бастап лаулап жатыр.
Афинының Македониялық жаңалықтар агентті сейсенбі күні хабарлағандай, өрт салдарынан ажал құшқандар саны 74 адамға жетті. Тағы 187 адам, соның ішінде 23 бала зардап шекті. Грекия үкіметі алапат орман өртінен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 20 млн еуро бөлетін болды.
Ол сондай-ақ үкіметтегі кеңес барысында зардап шеккен аудандарды тиімді қорғау үшін полицейлердің, өрт сөндірушілер мен әскерилердің қатысуымен 19 бірлескен патруль құру шешімі қабылданғанын атап өтті. Грекияда шілде айының басынан бері ауа райы ыстық болып тұр. Термометр 38-40 градусты көрсетуде. Дүйсенбі күні Афинының айналасында бірден бірнеше от тұтанды – Кинет қаласының және Афиныдан батысқа қарай 50 шақырым жерде, Шығыс Аттикада және Каламкос қаласының аумағында.

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*