Визасыз жүру мерзімі ұзартылды

Беларусьте шетелдік азаматтардың визасыз болу мерзімі 30 тәулікке дейін ұзартылды.
Жарлыққа Беларусь президенті А.Лукашенко 24 шілде күні қол қойды. Құжатта Беларусь елі өзара визаны алып тастау туралы екіжақты келісім жасаған елдердің азаматтары визасыз жүруге құқылы мемлекеттердің тізімі көрсетілген. Беларусьқа визасыз келу үшін шетелдік азаматтардың қолданыстағы төлқұжаттары, ақшалары, 10 мың еуро сомасында Беларусьтағы медициналық сақтандыру полистері болуы тиіс. Вьетнам, Гаити, Гамбия, Үндістан, Ливан, Намибия және Самоа азаматтарының төлқұжаттарында ЕО немесе Шенген аймағы мемлекеттерінің аумағына кіру белгісі бар көп мәртелік визаның төлқұжатта болуы, сондай-ақ Минскіге келген күннен бастап 30 күннің ішінде Ұлттық әуежайдан ұшуды растайтын әуе билеттері талап етіледі. Қытай азаматтары үшін бұл режим 2018 жылдың 10 тамызына дейін – өзара визасыз режим туралы екіжақты келісім күшіне енгенге дейін қолданылады. Сондай-ақ, Беларуське жұмыс істеу, бизнес жасау және оқу мақсатында 30 күннен көп мерзімге келетін шетелдіктер үшін визасыз режим қолданылмайды.

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*