Әр мигрант үшін 6 мың еуро

Еурокомиссия ЕО аумағынан Жерорта теңізінен құтқарылатын мигранттарды жіберетін бақыланатын орталық құру бойынша жалпы ережелерді ұсынды.
Еуропадағы «бақыланатын орталық» құру тұжырымының идеясы маусым айының соңында өткен ЕО саммитінде мақұлданды. Еуропалық Одақтың әрбір мүшесі өз аумағында мұндай орталықтар құру қажеттілігі туралы өз бетінше шешім қабылдайды. Еуроодақ әрбір мигрант үшін 6 мың еуро төлеуге келісіп отыр.
Африка мен Таяу Шығыс елдерінен келген мигранттардың көбісі Жерорта теңізі арқылы Грекия мен Италияға дейін келіп жатыр. Еурокомиссияның ұсыныстарына «түсіру платформалары» деп аталатын үшінші елдермен мигранттарды қабылдау бойынша аймақтық тетіктерді жасаудың ықтимал жолдары кіреді.

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*