Түрмеден 5 мыңға жуық адам босатылады

ҚР Бас прокуроры Қайрат Қожамжаров қылмыстық саясатты гуманизациялау шаралары туралы баяндамажасады.
Бұлтуралы ҚР Бас прокурорының баспасөзқызметіхабарлады. Қайрат Қожамжаровтың айтуынша, Мемлекет басшысының Жолдауы аясында қылмыстық саясатты гуманизациялау жұмысы күшейді. Осы орайда арнайы заң жобасы да даярланды. Оған сәйкес, 260 қылмыс бойынша қоғамдық жұмыс және бас бостандығын шектеу сияқты жаза енгізіледі. Ал 36 қылмыс бойынша айыппұлдың көлемі төмендейді. Бұдан бөлек, бас бостандығынан айыру мерзімі қысқаратын болады.
«Аса ауыр қылмыстар бойынша жазаға тарту мерзімі 5 жыл деп белгіленіп отыр. Осының негізінде 5 мыңға жуық сотталған адамды босатуға болады. Мемлекет басшысы ол заңға қол қойды», – деді Қайрат Қожамжаров алқа мәжілісінде.
Айта кетейік, алқа мәжілісі кезінде ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Ерғали Мерзадинов аталған оқу орнының кемшін тұстарын жариялады. Оның айтуынша, академия қызметкерлерінің кәсіби дайындығын жан-жақты тексеріп шығу қажет. Себебі мамандардың ауысуы жиілеп кеткен.

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*