Бір тәулікте 130-дан астам бұзушылық

Жылдың басынан Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында жаяу жүргіншілерді басудың 27 фактісі тіркелді. Салдарынан 3 адам қаза тауып, 25 адам жарақат алды. Бұл оқыс оқиғалардың 15-інде жаяу жүргіншілердің өздері кінәлі болып шықты. Бұл жердегі құқық бұзушылықтың ең негізгі түрі – жолды бегіленбеген жерден кесіп өту болып саналады.
Жол-көлік апаттарының басым көпшілігі облыс орталығында жасалады. Рейдтік іс-шаралардың өткізілуі де сондықтан. Рейд барысында жаяу жүргіншілер жағынан 17 құқық бұзушылық анықталды. Тәртіп сақшылары велосипедшілердің арасындағы түсіндіру жұмыстарына ерекше көңіл бөледі. Ағымдағы жылы велошабандоздардың қатысуымен жол-көлік апаттары тіркелмегенімен, олар «тәуекел тобына» енгізілген. Себебі, велосипедшілердің көпшілігі жаяу жүргіншілер жолдары мен жол қиылыстарын жаяулатып өтуге міндеттейтін заңнамалық нормаларды біле бермейді.
«Рейд барысында құқық қорғау қызметкерлері осы сияқты 9 құқық бұзушылықты анықтады. Жалпы, бір тәуліктік тексеріс барысында жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен 130 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды. Сондай-ақ, 15 жүргізушіге жылдамдықты асырғандығы үшін әкімшілік айыппұл салынды. Тағы бір жүргізуші көлікті мас күйінде жүргізгені үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 608-бабы 1-бөліміне сәйкес жауапқа тартылды. Енді ол үш жылға дейін көлік басқару құқығынан айырылуы мүмкін», – дейді Петропавл қ. ІІБ Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция майоры Асан Смағұлов.

СҚО ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*