Полицейлерге алғыс айтты

Біржан сал атындағы аудан полицейлері Бұланды а. тұрғынына миллионнан астам ақшаны құрайтын жоғалған жеке малын табуға көмектесті.
Шілденің 18-інде алпыс үш шақты қара малын іздеп таппай қалған қожайын бірнеше сағат бойы өзі іздеп, ақыры нәтижесіз болғаннан кейін, Біржан сал аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлеріне өтініш түсірді. Аталған қара малды іздеп табуға аудандық ішкі істер бөлімінің жедел тобы құрылды. Нәтижесінде жоғалған мал Бұланды селосынан ондаған шақырым алшақ орманнан табылған. Бұл үй-мал ұрлық жағдайына жатпайды.
Бұланды а. тұрғыны Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданының ішкі істер бөлімі жедел қызметкерлеріне, атап айтқанда, ЖПҚ аға инспекторы, полиция капитаны А. Қазыбаевқа, жедел уәкіл, полиция аға лейтенанты Н.Бектұрғановаға, ЖПҚ инспекторы, полиция аға лейтенанты М. Садуоваға, КПБ кіші жедел уәкілі, полиция аға сержанты С. Ашубасароваға, криминалист, полиция капитаны Д. Сайлаубаеваға, АІІБ бастығы бірінші орынбасарының міндетін уақытша атқарушы полиция майоры Б. Абдрахмановқа шын көңілден ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.
Көбінесе, Ақмола облысы ішкі істер органдарына маңайдағы ауылдардың және кенттердің тұрғындары ірі және ұсақ мал жоғалуына байланысты жүгінеді. Көбіне үй жануарлары далада немесе орманда қараусыз жайылу себеппен жиі жоғалады. Көптеген жағдайларда меншік иелері мал басын таңбалаусыз жібереді, мал басын растайтын құжатсыз болады.
Осыған байланысты, Ақмола облысының Ішкі істер департаменті мал иелеріне Ақмола облысының бекітілген ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау ережелерімен танысуды ұсынады. ҚР қолданыстағы заңнамаға сәйкес, осы ережені бұзған тұлғалар жауапты болады.

Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*