Сертификатқа ие болды

Жақында Ішкі істер министрлігінің Алматы қаласындағы Оқу орталығында алғашқы даярлық курсын бітіруші қатардағы орта басшы құрам тыңдаушыларына сертификат беру салтанатты іс-шарасы өтті.
Іс-шарада Оқу орталығы бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Абдували Нашарбеков тыңдаушыларды осы қуанышты күндерімен құттықтап, ақ жол тілеп, алдағы уақытта алған білімдерін ары қарай шыңдап, өз кәсіби міндеттерін адал орындауларына және биік белестерден көріне берулеріне тілек білдірді. Оқу орталығының қоғамдық өміріне, спорттық сайыстарға белсене қатысқан үшінші, төртінші топтың 8 тыңдаушысына Оқу орталығы бастығының Алғыс хаты табыс етілді.
Жуырда «Әскери пәндер және дене шынықтыру дайындығы» циклының ұйымдастыруымен тыңдаушылар арасында жауынгерлік қаруды дұрыс қолдану және жетік меңгеруге машықтандыратын «Әскери эстафета» сайыс өткен болатын. Калашников автоматы мен Макаров тапаншасын жартылай бөлшектеу, жинау және оқтау бойынша белгіленген уақытқа сай өткен сайыс қорытындысы бойынша 4 топтың тыңдаушылары 1 орынды иеленсе, екінші, үшінші орындарды 3, 1 топтың тыңдаушылары өзара бөлісті. Салтанатты шарада осы «Әскери эстафета» жарысының жеңімпаздарына орталық басшылығы атынан грамоталар тапсырылды. Сондай-ақ, жиында Ардагерлер кеңесінің төрайымы, отставкадағы полиция подполковнигі Зухра Муртазалиева сөз сөйлеп, бітіруші тыңдаушыларға сәттілік тіледі. Оқу орталығында білім алғандарына дән ризашылықтарын жеткізген тыңдаушылар басшы құрамға және оқытушыларға алғыстарын білдірді.

Уәлихан МЫРЗАБАЙ,
ҚР ІІМ-нің Оқу орталығы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*