Тыңдаушыларға тағылымды әңгіме

Таяуда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Оқу орталығының (Астана қ.) жеке құрамы мен орта басшы құрам, қатардағы және кіші басшы құрам тыңдаушыларына ұлттың мәдени, рухани құндылықтарын насихаттау және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.
Шараға заң, медицина және қазақ тіліне қатысты терминдердің, сондай-ақ қызметтік құжаттардың мемлекеттік тілге дұрыс аударылуына қатысты медициналық сөздіктер мен оқу құралдарының авторы, ҚР Мемлекеттік терминологиялық комиссияның мүшесі, Астана медицина университетінің мемлекеттік тілді дамыту және тіл саясаты бөлімінің басшысы, профессор Мұхамбедия Ахметов арнайы қатысты. Тыңдаушылар ана тілімізге қатысты кейбір түсініксіз сөздердің мағынасын ашу, дұрыс аударылуы жайындағы көкейде жүрген сұрақтарына толықтай жауап алды. «Мемлекеттік тілге деген құрметті қалыптастыру біздің болашақ жастарымыздың қолында» дей келе, мемлекеттік тілді дамыту және тіл саясаты бөлімінің басшысы, профессор Мұхамбедия Ахметов мемлекеттік тіл және ақпарат тобының инспекторы Зұлқия Тұрсынбайқызы мен аға оқытушы полиция подполковнигі Мұрат Мейрамұлына авторлық сөздік кітабы мен өлеңдер жинағын сыйға тартты. Осындай игі шара барысында тыңдаушыларға тағылымды әңгіме жүргізілгеніне риза болған Оқу орталығының (Астана қ.) бастығы, з.ғ.к. полиция полковнигі Мұрат Әшкенұлы өз кезегінде профессорға алғысын білдіріп, кітап тарту етті.

Зұлқия МҰСАҚАНОВА,
ҚР ІІМ Оқу орталығы (Астана қ.)

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*