Адамшылық жолын таңда

Деструктивті діни наным-сенімді қолдаушылар радикалдық идеологияның әсерінен зардап шеккен адамдар, олар өздерін алдап-арбау арқылы көнген, сенген радикалды көзқарасының құрбаны болғандар.
Бүгінгі таңда әлемде «әйелдер терроризмі және экстремизмі немесе «әйелдер джихады» деген ұғым пайда болды. Әйелдерді мұндай қылықтарға жеке себептері мәжбүр етіп жатқаны туралы сарапшылар айтады.
Түзеу мекемесіне келген әйелдерге дінді білмегендіктен өз қателіктерін түсіну үшін көп уақыт беріледі. Бұны түсінуге оларға инспектор-теолог, дін істері бойынша басқармасының қызметкерлерінен тұратын білікті мамандар көмектеседі, теологиялық топтың жұмысы адамды қоғамға, отбасына қайтару болып табылады.
Ислам мәдениетінде отбасы бәрінен де жоғары. Мұсылман отбасы – адамның тірегі, қорғаушысы және сенімі. Осылайша мұсылман балалары адамгершілік және құндылықтар атмосферасында тәрбиеленуге тиіс. Адамның діни сектаға, деструктивті культқа кетпеуі көбінесе отбасына байланысты болады. Біздің мекемеде сотталғандармен инспектор-теологтар жеке әрі топпен әңгімелеседі, оларға дұрыс дін туралы мәлімет айтады. Соның ішінде Қызылжар облыстық мешітінен имам, Булаевско-христиан епархияның қызметкерлері, дін істері бойынша басқармасының қызметкерлері келеді.

Е. БЕКСҰЛТАНОВ,
ЕС-164/6 мекемесі РММ бастығы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*