Жеделдік пен шеберлік

№1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ аппаратының офицерлік құрамына кәсіби шеберлігін жетілдіру, өрттерді сөндіруді ұйымдастыру дағдыларын игеру, одан әрі іс жүзінде қолдану үшін сабақ өткізілді.
Газ-түтіннен қорғау қызметінің құрамындағы өрт сөндірушілер тыныс алуға жарамсыз ортада адамдарды іздестіру және құтқару әдістерін жетілдірді. Сабақ барысында әрқайсысы 3 газ-түтіннен қорғау қызметкерінен тұратын 4 газ-түтіннен қорғау қызметі звеносы құрылды. ТЖД «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ қызметкерлері жаттығу барысында тыныс алу органын қорғау жабдықтарымен қалың өрт боларлықтай жағдайды бастан кешірді. Құтқарушылардың негізгі міндеті – қою түтінге малынған кеңістікте мүмкіндігінше тезірек әрекет ету, тыныс алуға жарамсыз ортада өрт ошағын табу, сөндіру, зардап шеккен адамды сыртқа шығарып, оны қауіпсіз жерге көшіру болды.
«Бүгін офицерлер үшін жылу-түтін камерасында ай сайынғы жоспарлы сабақ өткізіліп, онда газ түтіннен қорғау қызметінің үйлесімді жұмысы пысықталды. Осындай жаттығулар жеке құрамның жауынгерлік қабілетін арттыру үшін өткізіледі», – деді Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі бастығының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау майоры Бауыржан Оспанов.
Жылу-түтін камерасындағы сабақтар – шын мәнінде төтенше жағдай орын алған уақытта құтқарушылардың дұрыс әрекет ету дайындығын арттыру үшін негізгі кезеңдердің бірі. Осындай жаттығулардың мақсаты – орта және аға басшы құрамның жедел шеберлігін арттыру, өрт сөндіруші жауынгерлердің психологиялық тұрақтылығын және шұғыл жағдайлардағы жұмысқа дайындығын тексеру.

Қызылорда облысы ТЖД

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*