«Қауіпсіз жаз» науқаны жалғасуда

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің, апаттар медицина орталығы, жедел құтқару жасағының қызметкерлері 23-28 шілде аралығында Баянауыл ауданының сакралдық орындары бойынша «Рухани-Сamp» Халықаралық жастар құрылтайының қатысушыларымен бірге «Қауіпсіздік сабағын» өткізді.
Импровизациялық сабаққа Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Өзбекстан және Әзірбайжан делегациялары қатысты. Іс-шара барысында Екібастұз қ. құтқару бөлімшелері делегацияның орналасқан жерлерінде үнемі бірге болды.
Жазғы кезең – су айдындарындағы белсенді демалу уақыты. Бұл – суға шомылу және су асты мен су үстіндегі спортпен айналысу, әртүрлі ойындар мен жарыстар, қайықпен және басқа да жүзу құралдарымен демалу. Бірақ жазғы демалыс қайғылы оқиғалардың салдарына әкелуі мүмкін екендігін есте сақтау керек. Сондықтан да Жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы Ерғанат Аққозинов қатысушыларға тек рұқсат етілген жерлерде ғана шомылуға болатынын ескертті.
Сондай-а, Апаттар медицина орталығының жұмыскерлері шағын жарақаттану кезінде өзіне көмек көрсетуді, шинаны дұрыс коюды, дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетуде ережелер мен әдістерін көрсетті. Кездесу соңында делегаттар «Жасыбай» көлі демалу аймағында демалушылармен профилактикалық жұмыстар жүргізуге өздері ниет білдірді.

Павлодар облысы ТЖД

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*