Ерікті өрт сөндіру құрылымдары жарысты

Таяуда Тимирязев ауданындағы «Жастар» стадионында ерікті өрт сөндіру құрылымдары арасында жарыс өтті. Жарыс теориялық білімдерін пысықтау, тәжірибелік дағдыларын қалыптастырып, ерікті өрт сөндіру құрылымдарының кәсіпорындарда, мекемелерде, аудан аумағындағы ауылдық округтерде орын алуы мүмкін өртті сөндіруге дайындықтарын арттырып, өрт сөндіру-техникалық жарақтар мен өрт сөндіруге арналған негізгі құралдармен жұмыс істеу әдістерін шыңдау мақсатын көздеді.
Жарысқа Интернациональный, Комсомол ауылдық округтерінің ерікті өрт сөндіру құрылымдарының, «Атамекен-Агро-Тимирязев» ЖШС өрт сөндіру постының, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің ЖШС «Северная топливная кампания» және «Тимирязевский элеватор» ЖШС мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің атынан бес команда қатысты.
Бағдарлама үш норматив бойынша өткізілді: жауынгерлік киімді кию, эстафета және екі оқпан беріп жауынгерлік қанат жаю. Еріктілер белсенділік көрсетіп, өздерінің кәсіби шеберліктерін танытты. Командалық рух пен жеңіске ұмтылыстары анық көрінді. Әр қатысушы командалық және жеке сайыстарда кәсіби біліктіліктерін танытты, мамандардың бағалауы бойынша олар сынақтардан сүрінбей өтті.
Жарыста «Атамекен-Агро-Тимирязев» ЖШС өрт сөндіру посты командасы көш бастады, 2-ші орынды Интернациональная ауылдық округінің ЕӨСҚ командасы иеленді және «Тимирязевский элеватор» ЖШС МЕӨҚҚ үздік үштікті қорытындылады. Жеңімпаздарға дәрежесіне қарай кубоктар мен медальдар және дипломдар табысталды.

Еркін МУСИН,
СҚО ТЖД
Тимирязев ауданы ТЖБ аға инженері

 

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*