АҚШ Конгресі мүшелерімен кездесті

Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев іссапармен АҚШ-қа барды. Вашингтонда және Нью-Йоркте АҚШ Конгресі мүшелерімен, АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми өкілдерімен, сондай-ақ, АҚШ-тың Халықаралық дін бостандығы жөніндегі комиссиясының және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі Хельсинки комиссиясының жетекшілерімен бірқатар кездесулер өткізді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасындағы діни ахуалдың дамуы жөнінде жан-жақты пікір алмасу өтті. Кездесуге қатысушылар пікір алмасу нәтижелеріне қанағаттанатынын білдірді. Нью-Йоркте Д.Кәлетаев БҰҰ жанындағы Діни үкіметтік емес ұйымдар комитетінің төрағасы С.Парамешанандамен және «Діндер бейбітшілік үшін» әлемдік конференциясының Бас хатшысы У.Вендлимен екіжақты кездесулер өткізді. БҰҰ өкілдері Д. Кәлетаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер Съезінің кезекті отырысына қатысу жөніндегі шақыруды қызығушылықпен қабылдады. Астана дінаралық сұхбатының өсіп келе жатқан беделін мойындай отырып, олар Съездің жекелеген секцияларына модератор ретінде қатысуға дайын екендіктерін білдірді. Айта кетейік, әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің кезекті Съезі ағымдағы жылы қазан айында Астанада өтеді.

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*