Жер сілкінісінен 146 адам зардап шекті

Иранның батысында 5,9 балл қуатымен болған жер сілкінісі салдарынан 146 адам зардап шекті. Бұл туралы «Анадолу»агенттігі ИРИ мемлекеттік телеарнасына сілтеме жасап хабарлады. Иранның Төтенше жағдайлар бойынша орталығының басшысы Пир Хюсейин Коливенд зардап шеккен 41 адам әлі де ауруханада жатқанын мәлім етті.
Зілзала ошағы Кирманшах провинциясында орналасты. Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда. Иранмен шекарада орналасқан Ирактың Эрбиль, Сулеймания және Халабджа қалаларының тұрғындары да жерасты дүмпулерін сезінді. Еске салайық, 22 шілде күні таңертең Иранның оңтүстігіндегі Хюрмюзган провинциясының Руйдар қаласында 5,7 балл қуатымен жер сілкінді. 2017 жылдың 12 қарашасы күні Иранның батысындағы Керманшах провинциясында 7,3 балл қуатымен жер сілкінген еді. Салдарынан 600-ден астам адам қаза болып, 12 мыңы зардап шекті.

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*