Еуропалық балет жұлдыздары елордада

Елордада тұңғыш рет шілденің 27-30 аралығында «Астана Операның» Үлкен залы сахнасында атақты Париж ұлттық опера театрының балет труппасы гастрольдік сапар аясында өнер көрсетпек. Еуропалық балеттің жарқын жұлдыздары қазақстандық көрерменге Gala de Paris атты орасан зор бағдарлама ұсынады.
«Астана Опера» симфониялық оркестріне маэстро Владимир Ланде (Ресей – АҚШ) жетекшілік етеді. Гастроль ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Астананың 20 жылдығы аясында өтпек. Сондай-ақ, турне Париж ұлттық операсының 350 жылдығына орайластырылған. Paris Opéra Ballet – XIV Людовик патшаның 1661 жылы Корольдік би академиясы ретінде негізін қалаған Париж операсының ресми ұлттық балет труппасы. Бүгінде ұжымның құрамында 150-ден астам әртіс бар, Париж ұлттық опера театрының көркемдік жетекшісі – Орели Дюпон.
«Астана Операның» Үлкен залы сахнасына Летиция Пюжоль, Сэ Ын Пак, Франсуа Алю, Марк Моро, Пабло Легаса, Аксель Маглиано, Камиль Бон, Томас Докир, Амели Жоанидес, Наис Дюбоск, Исаак Лопес Гомес, Марион Готье, Виктуар Анкетиль, Адель Белем, Жозеф Омер, Джек Газтоут шығып, өнер көрсетеді. Париж ұлттық операсы балет труппасының бірегей концерттік бағдарламасы Мариус Петипа бойынша В.Шайенің қойылымындағы (музыка авторы А.Глазунов) қанық әрі әсерлі «Раймонда» балетінің үзіндісімен ашылады. Париж ұлттық операсы труппасының күш-жігері мен құлшынысы асқақ өнерді бағалаушы елордалық қауымның жадында мәңгілікке сақталып қалары анық. Жоба «Қазақ әуендері» қоғамымен бірге жүзеге асырылады.

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

*