Арнайы даярлық курсын аяқтады

Жуырда Қазақстан Республикасы ІІМ Оқу орталығында (Астана қаласы) ішкі істер органдарына жұмыс істеуге баратын жас қызметкерлердің алғашқы арнайы даярлық курсын аяқтауларына орай салтанатты іс-шара өткізілді.
ҚР ІІМ Оқу орталығы (Астана қ.) арнайы алғашқы даярлық курсын аяқтаған орта басшы құрамының 1-ші және 2-ші отыздық тыңдаушылары екі ай бойы оқыған білімдерінің нәтижесін көрсетіп, оқытылған пәндер бойынша сынақ және емтихандар тапсырып, ІІО-ның қызметкері болуға жолдама алды.
Оқу кезінде сабақты үздік оқыған, Оқу орталығының спорттық және қоғамдық іс-шараларына белсенді қатысқан тыңдаушыларына грамоталар мен алғыс хаттар табыс етілді. 1-ші отыздық жетекшісі, полиция подполковнигі М.Смағұлов пен 2-ші отыздық жетекшісі, полиция подполковнигі С.Буламбай тыңдаушыларға оқу бітіргендігі туралы сертификаттарды табыс етті. Іс-шара соңында ҚР ІІМ Оқу орталығы (Астана қ.) бастығының міндетін атқарушы, полиция майоры Б.Таскарин оқу орнының түлектеріне өз жүрекжарды тілегін айтып, іс-шара салтанатты шерумен аяқталды.

М. Смағұлов,
оқытушы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*