400-ден астам құқық бұзушылықты анықтады

Жуырда жолдарда апаттық жағдайларды төмендету, Жол қозғалысы ережелерін бұзу жағдайларын болдырмау, жолаушылар тасымалымен ұдайы айналысатын жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті сақтау мақсатында полицейлер Түркістан облысының аумағында «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді. Іс-шараның үш тәулігінде Жергілікті полиция қызметінің өкілдері қоғамдық көлік жүргізушілерімен орын алған жол ережесін бұзушылықтардың 413 дерегін анықтады.
Оның ішінде телефон және радиостансаларды пайдалану ережелерін бұзудың – 131 дерегі, маневр жасау ережесін бұзудың – 52 дерегі, жылдамдықты арттырудың – 31 дерегі, техникалық байқаудан өтпеу бойынша – 46 дерек анықталды. Сондай-ақ, полицейлер қоғамдық көлікті мас күйінде басқарған 1 жүргізушіні құрықтады. Сонымен қатар, көлік құралдарының рейске шығу алдындағы медициналық куәландырудан өтпеудің 14, багажды және жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың 11 дерегі анықталды. Анықталған барлық құқық бұзушылықтар бойынша полицейлер әкімшілік хаттама толтырды. «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасына Жергілікті полицияның қызметкерлері жұмылдырылды, сондай-ақ, көлікті бақылау және басқа да қызметтердің өкілдері тартылды.

Түркістан облысының Мемлекеттік тіл және
ақпарат басқармасы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*