Үздіктер алға шықты

Жуырда Көкшетау қаласының 1-Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі аумағында Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің арасында «Мамандығы бойынша үздік» облыстық байқауы өткізілді. Жарысқа Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің 18 бөлімшесі қатысты.
Жарыс қызықты және тартысты өтті, командалар «шабуыл сатысы бойынша оқу мұнарасының 4-ші қабатына көтерілу», бақылау-тексеру орындалуын және теориялық жағынан дағдылар мен шеберлік нормативтерін, т.б. кәсіби шеберліктерін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша – «Үздік қарауыл бастығы» номинациясына Көкшетау қ. 1-МӨСБ аға инженері, азаматтық қорғау лейтенанты Н. Жақсыбаев, «Үздік бөлімше командирі» номинациясына Степняк қ. 21-ӨСБ Макинка а. жанындағы ӨСБ бөлімше командирі, азаматтық қорғау старшинасы Ж.Ідрісов, «Үздік өрт сөндіруші» – Степняк қ. 21-ӨСБ өрт сөндірушісі азаматтық қорғау сержанты С. Абжанов, «Үздік газ-түтіннен қорғаушы» – Степняк қ. 21-ӨСБ өрт сөндірушісі, азаматтық қорғау сержанты А.Сатыбаев, «Үздік Газ түтінінен қорғау қызметі шебері» номинациясына Астрахан ауданы Астрахан а. 7-ӨСБ ГТҚҚ шеберінің м.а. азаматтық қорғау старшинасы Е.Иванов лайық деп танылды. Сондай-ақ, «Үздік радиотелефонист» – Көкшетау қ. 26-МӨСБ радиотелефоншысы, азаматтық қорғау кіші сержанты А. Кажкенова, «Үздік Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығы, Өрт сөндіру байланыс орталық пунктінің диспетчері» номинациясын Щучье қ. жасақтың ӨСБОП диспетчері, азаматтық қорғау аға сержанты Г. Жалмұқанова, «Үздік фельдшер» номинациясын Көкшетау қ. 26-МӨСБ фельдшері, азаматтық қорғау қатарындағы Н.Сүлейменова иеленді. Жүлделі орын алған жеңімпаздар грамоталармен марапатталды.

Ақмола облысы ТЖД

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*