Судағы қауіпсіздік үшін

Алматы ауданы ТЖБ қызметкерлері «Жас Отан» жастар қанаты еріктілерімен бірлесіп суда адамдардың қаза болуына жол бермеу мақсатында демалушылар арасында үгіт-насихат жұмысын жүргізді.
Профилактикалық жұмыс барысында демалушылар мен балаларға суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік қағидалары, қаладағы суға шомылуға тыйым салынған орындар, сонымен қатар суда зардап шеккен адамға көрсетілетін алғашқы медициналық көмектер қағидалары түсіндірілді. Сонымен бірге демалушыларға өрт қауіпті кезеңдегі қауіпсіздік ережелері, сондай-ақ табиғат аясында отты пайдалану кезіндегі ықтимал қауіптер туралы мәліметтер жеткізілді.
Рейд барысында жалпы 350 демалушы қамтылды, 300-ден астам көрнекті материалдар таратылды, сонымен қатар жағажайлардағы ақпарат тақталарына аталған тақырыптар бойынша ақпараттар орналастырылды.

Астана қаласы ТЖБ
Алматы ауданы ТЖБ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*