Спорт – сақшылар серігі

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ІІМ Оқу орталығында (Астана қ.) мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға көп көңіл бөлінеді. Саламатты өмір салтын насихаттау мен қалыптастыру, саламатты ұрпақ тәрбиелеу, спорт түрлерін дамыту мақсатында көптеген спорттық жарыстар ұйымдастырылып тұрады.
Жуырда сауықтандыру іс-шаралар шеңберінде «әскери және денешынықтыру циклы» жеңіл атлетика, арқан тарту, қазақша күрес, кір тасын көтеру мен шағын футбол сияқты спорт түрлерінен алғашқы арнайы даярлыққа келген болашақ тәртіп сақшылары арасында жарыстар өткізілді.
Жарысқа көптеген жанкүйерлер мен қолдаушылар қатысты. Жарыс соңында бірінші жалпы командалық орынды бірінші отыздық жеңіп алса, екінші орынды бірдей ұпай санымен төртінші, алтыншы және жетінші отыздықтар жеңіп алды.
Іс-шара соңында Қазақстан Республикасы ІІМ Оқу орталығының (Астана қ.) басшылығы жеке құрам мен ауыспалы құрам тыңдаушыларын жоғары деңгейде ұйымдастырылған спорттық жарыс нәтижелерімен құттықтап, келешек жастарға спорттық жетістіктер тілеп, өз ризашылығын білдірді.

С. Буламбай, «Әскери пәндер және денешынықтыру»
циклының бастығы, полиция подполковнигі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*