ПОЛИЦЕЙЛЕР АРАСЫНДАҒЫ БӘСЕКЕ

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында «Динамо» денешынықтыру және спорт қоғамы мен Қарағанды облысының ІІД-нің қолдауымен үздік ауылдық полиция бөлімшелерінің арасында облыстық спартакиада өтті.
Аталған жарыс ағымдағы жылдың 10-11 шілде аралығында Қарқаралыда өтті. Спартакиаданы арнайы дайындық басқармасының бастығы, полиция полковнигі Қайрат Токишев және Қарқаралы ауданының Ішкі істер басқармасының бастығы Бейболат Зеитов ашты. Жарысқа 9 ауданның полиция қызметкерлері қатысты. Олар «Макаров» тапаншасынан атудан, белтемірге тартылудан, эстафетадан, футболдан және ұлттық жарыстардан, оның ішінде арқан тарту мен «Қошқар көтеру» ойындарынан жарысқа түсті.
Жарыстың қорытындысы бойынша бірінші орынды Қарқаралы ауданының ІІБ қызметкерлері, екінші орынды Шет ауданының ІІБ қызметкерлері, үшінші орынды Бұхар Жырау ауданының ІІБ полиция қызметкерлері иеленіп, мерейлері үстем болды.
Шет ауданының ІІБ-нің учаскелік полиция инспекторы Азат Карсембай – ең мерген атқыштың бірі атанса, екінші орынды Жаңаарқа ауданының Ішкі істер бөлімінің полиция қызметкері Ерболат Копеев, үшінші орын, өз кезегінде белтемірге тартылудан бірінші орын алған Осакаров ауданы Ішкі істер бөлімінің учаскелік полицейі Ғалым Дәуренге табысталды. Эстафетадан бірінші орын алған Қарқаралы полицейлері – ең жылдамдық танытқандардың бірі болды, ал Приозерск ауданының ішкі істер бөлімінде ең үздік футболшылардың жұмыс істейтіні анықталды. Ауданның ең ірі «Кошқарын» 75 рет көтерген Қарқаралы ауданының Ішкі істер бөлімінің жедел уәкілі Сағындық Сүлейменов ең мықтылардың бірі болды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Динамо» денешынықтыру және спорт қоғамының кубоктары және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Нұргүл РАХИМБЕКОВА, Қарағанды облысы ІІД

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*