БІРЛІГІ БЕКЕМ БОЛСА, ЖҰМЫС – ЖЕМІСТІ

«СҚО ТЖ департаментінің өрт сөндіру қызметі және авариялық құтқару жұмысы» ММ №5 ӨСБ-нің жеке құрамы ұжымды ұйымшылдыққа шақыру және бір топ құру мақсатында шақырту іс-шараларын өткізді.
Қазіргі уақытта ұжымда жас қызметкерлер көп, олардың еңбек өтілі бір жылға толмайды, ал тимбилдингті өткізу шешімі дер кезінде болды. Бұл жаңа қатынасу форматы жұмыс бабындағы арақатынастың «кісенін» шешеді және жаңа жағдайдағы тең дәрежелі араласудың мүмкіндігі. Қызметкерлер өзара тек сөйлесіп қана қоймай: топтың ұйымшылдығы үшін бірігіп жаттығулар, тренинг және ойындар тимбилдингте өткізілді.
Жігіттер спорттық ойындарды таңдады, себебі құтқарушылар күнделікті физикалық дайындықты сақтау керек. ӨСБ-нің қызметкерлері жастармен көңілді және бәсекелестікті қамти ойнады. Ойын кезінде волейболдан және футболдан бөлімнің құрамасына ойыншылар іріктелді. Шараға ардагерлерді шақыру да ұмыт қалмады.
Ерте ме, кеш пе жаңа ұжым тіл табысады, бірақ оған уақыт керек. Сондықтан тимбилдингтің мақсаты ұжымды ұйымшыл топқа тезірек айналдыру. Өйткені жауынгерлік есептің жұмысы – бірінші кезекте топтық жұмыс.
Сол күнгі болған жағдай, бірге түскен фотосуреттер, ұжымның ұйымшылдығы ретінде естелікке қалды.

Данияр ӘЛІМКИН,
СҚО ТЖ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*