ҮЗДІКТЕР ІРІКТЕЛДІ

Жақында «СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ «Үздік өрт сөндірушісі» байқауы өткізілді.
Бұл байқаудың мақсаты – өрт сөндірушілердің теориялық білімін жетілдіру, тәжірибелік дағдыларын және мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру болып табылады. Байқау екі кезеңде өтті. Байқаудың бірінші кезеңін бөлімше басшылары өздерінің бөлімдерінде өткізді. Байқаудың екінші кезеңі «СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ бірінші кезеңінің жеңімпаздары арасында өтті. Ең үздік өрт сөндірушілер жаттығу мұнарасының 4 қабатына штурм сатысымен жүгіріп көтерілді, жауынгерлік қанат жаю өткізілді, уақытқа жауынгерлік киім киді, жауынгерлік қанат жаю, белтемірге тартылды 100 м. және 1000 м. дистанцияға жүгірді.
Іс-шараның бағдарламасы өрт сөндіру-құтқару және денешынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру, өрт сөндіру желісі бойынша нормативтік-құқықтық актілерін білуге тест өткізілді және арнайы тактикалық оқу бағдарламасы тәртібі қаралды.
Байқау жеңімпазы Уалиханов ауданы №19-ӨСБ өрт сөндірушісі Ерболсын Зейнуллин болды. Ол «СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ «Үздік өрт сөндірушісі» құрметті атағына ие болды. Петропавл қаласының 2-МӨСБ өрт сөндірушісі-құтқарушысы Думан Іскенеев орын алды. Қызылжар ауданы Бескөл ауылы №13-ӨСБ өрт сөндірушісі Айбек Айдабұсынов екінші орын алды. Жеңімпаздар «СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығының алғыс хаттарымен және кубокпен марапатталды.

Дархан ДҮЙСЕНБЕКОВ, СҚО ТЖД

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*