Доп додасы

Таяуда ҚАЖ қызметкерлері арасында саламатты өмір салты үшін теңбіл доптан жарыс өткізілді.
Денешынықтыру мен саламатты өмір салты құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өмірінде ажыратылмайтын бөлік. Осылайша ЕС-164/6 мекемесі РММ қызметкерлері Астананың 20 жылдығына арнап мини-футбол сайысын өткізді. Оған төрт топ қатысты.
Сайысты мекеме бастығының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары, әділет майоры Қанат Сүлейменов кіріспе сөзімен ашты. Өз сөзінде қатысқандарға сәттілік пен жеңіл ойын тілеп, іс-шарада белсенді қатысқандары үшін қызметкерлерге алғыс білдірді.
Ойын үш сағат бойы өз жалғасын тапты. Күн көзінің ыстық болуына қарамастан, барлық қызметкерлер ойынға жүз пайыз қатысты. Ойын соңында сайыстың жеңімпаздары анықталып, қызметкерлер осындай іс-шараның өткені үшін алғыс білдірді.

М.МАЙСЕИТОВА,
РММ «ЕС-164/6 мекемесі»
инспектор-теологы,

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*