Өрт сөндіру бекеті ашылды

Таяуда Біржан сал ауданының Уәлиханов ауылында жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысмен облыстың Уәлиханов ауылдық округінің 8 елді мекенін өрттен қорғауды қамтамасыз ететін «Өрт сөндіруші» АҚ-пен келісім бойынша аймақтағы алғашқы өрт сөндіру бекеті ашылды.
Жаңа өрт сөндіру бекетін ашу салтанатына Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Алексей Советов, Біржан сал ауданының әкімі Ермек Нұғманов, Ақмола облысының «Өрт сөндіруші» АҚ филиалының директоры Амангелді Оразалин, азаматтық қорғау органдарының ардагері Сергей Советов және Уәлихан ауылының тұрғындары қатысты.
Өрт сөндіру бекеті аудан орталығынан 98 км. қашықтықта. Өрт сөндіру бекетінің шығу радиусында 1,5 мыңнан астам адам тұратын 8 елді мекен орналасқан. Өрт сөндіру бекеті жылытылатын гараж, телефон байланысымен қамтамасыз етілген. Жауынгерлік кезекшілікте департамент еншісінен жергілікті атқарушы органдарға берілген АЦ-40 (130) автокөлігі бар. Тәуліктік кезекшілікке бекеттің 4 адамнан тұратын жеке құрамы кезекшілікке түсті.
Ауылдың тұрғындары осы қызметтің салтанатты ашылуына үлкен ризашылықтарын білдірді. Айта кетейік, Ақмола облысының елді мекендерін өрттен қорғауды жүзеге асыратын Уәлиханов ауылында 15 өрт сөндіру бекеті бар. Жаңадан құрылған команда тек өртке шығып қана қоймай, сондай-ақ, өздерінің жауапкершілігі аймағында кездесетін басқа да төтенше жағдайларды жоюға қатысады.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*