Су айдындарындағы түнгі барлау

Жаз – бір жағынан көптен күткен демалыс болғанымен, бір жағынан мазасыз шақ десе болады. Бұл кезде мүмкіндігінше қауіп-қатерді де естен шығармауымыз керек. Өйткені, бала біткен еркін, кейде ересектердің бақылауынсыз болады. Осының салдарынан жазым болу, адасып кету, суға кету сияқты оқиғалар жиірек орын алады.
ТЖ департаментінің статистикалық мәліметі бойынша 2018 жылғы 7 ай ішінде облыс аумағында суда 11 қайғылы оқиға тіркеліп, онда 12 адам суға батып кетті, оның ішінде 6-ы бала.
Департаменттің, қалалық және аудандық ТЖ бөлімдерінің қызметкерлері және Жедел-құтқару жасағы құтқарушылары су айдындарында балалардың өлімін болдырмау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, профилактикалық және үгіт-насихат жұмыстарын белсенді түрде жүргізуде.
Бірақ, өкінішке орай ТЖ департаменті қызметкерлерінің тарапынан атқарылған профилактикалық жұмыстарына қарамастан күзетілген, тыйым салынған және жабдықталмаған орындарда, су айдындарында қайғылы оқиғалардың саны өсуде.
Ағымдағы жылғы 16 шілдеде Тараз қаласының Зербұлақ көлінде туысқандарына қонаққа келген 2005 жылы туған бала шомылуға жабдықталмаған орында суға батып, қаза болды. Дәл осы күні 8 жасар бала қаланың басқа жерінде суға кетіп, жас өмір кенеттен үзілді.
Су айдындарында қайғылы оқиғаларға жол бермеу және азайту мақсатында, шомылуға тыйым салынған және жабдықталмаған орындарда бұзушылықтарды анықтауға Қазақстан Республикасының заңнамаларындағы бұзушылықты әкімшілік жауапкершілікке тартуды түсіндіру, ағымдағы жылғы 18 шілдеде ТЖ департаментінің тарапынан ТЖ алдын алу бөлімінің, Тараз қаласы ТЖ басқармасының мамандарымен және Жамбыл облысының ІІД Жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторларымен және «Jambyl» облыстың телеарнасының, «Знамя труда» және «Ақ жол» облыстық газеттерінің өкілдерімен түнгі рейдке шықты.
Бұл түнгі рейдтің мақсаты – су айдындарында жақын тұратын тұрғындарға қарапайым ережелерді жеткізіп және ақпарат беру. Сондай-ақ, жадынамалар мен буклеттер таратылды. Осындай түнгі рейдттер үнемі жалғасуда.

Айгүл ШАХАБАЕВА, Жамбыл облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*