Қауіпсіздік әліппесі

Біздің мемлекетіміздің басты мақсаттарының бірі – ол балаларды жоғары деңгейдегі білім беру мен дамыту және қорғау. Бүгінгі қыздар мен ұлдар – бұл Қазақстанның болашағы, білімді және табысты адамдардың жаңа ұрпағы, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру олардың тәрбиесінің негізі.
Өмірдің қауіпсіздігі мен денсаулығының қауіпсіздігі турасындағы насихатты облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары балаларға әр жазда жеткізеді, ережелерді сақтауға шақырады. Осы жазда Солтүстік Қазақстан облысы Жастар ресурстық орталығының қатысуымен ТЖД мамандары командасы, «Улыбка» балалар қоры түсіндірме және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында бірқатар балалар сауықтыру лагерьлерінде болды.
Алдымен құтқарушылар Қызылжар ауданындағы «Қыран» лагеріндегі жетім балалар мен мүгедектігі бар балалармен кездесті. Балалар қонақтарды үлкен қуанышпен қарсы алып, түрлі жарыстарға қатысты, дәрістерді қызығушылықпен тыңдап, зардап шегушіге көмектесуді үйренді. Әсіресе, оларға водолаз костюмі мен өрт сөндірушінің жауынгерлік киімдерін киіп көргендері ұнады. Арнайы жабдықты өзіне киіп көргендер көп болды, барлық балалар кем дегенде біраз уақыт бойы құтқарушылардың және өрт сөндірушілердің рөлін сезінді.
Қызылжар аудандық орталық ауруханасында «Алтын күз» және «Достық» лагерьлерінде ТЖ департаментінің қызметкерлерімен балалар мен ересектердің кездесуі өтті. Төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару қызметінің мамандары судағы ережелер, құтқару құралында мінез-құлық тәртібімен, судың қаншалықты қауіпті екенін, су басқан адамды қалай құтқару керектігін, содан кейін оған алғашқы көмек көрсету туралы айтып берді. Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау-профилактикалық жұмыстардың қызметкерлері өртпен ойнау қаупі туралы ескертіп, өрт кезінде өзін ұстаудың және «101», «112» өртке қарсы қызмет телефонын еске салып, өрт сөндіргішті қолдану әдістерін көрсетті.
Қонақтардың қызығушылығына өрт сөндіру көлігі себеп болды, балалар өрт сөндіру техникасы туралы естіп, өрт сөндіруші көлігімен қуана-қуана танысқан. Өрт сөндіретін ылғал себілген кезде балалар қуанышты эмоцияларын білдірді.
Жалпы, танымдық іс-шараларға 5-тен 16 жас аралығындағы 300-ден астам бала қатысты.

Қуат МАХМЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*