Куәлік – қызметке жолдама

Солтүстік Қазақстан облысының жас полицейлері алғашқы қызметтік куәліктерін алды.
Іс-шара ведомстволық мұражайдың қабырғасында өтті. Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов жариялаған «Кадр резерві жылы» жас қызметкерлермен жұмысқа көп жаңашылдық әкелді. Жаңадан пайда болған дәстүрлердің бірі – бірінші куәліктерді ардагерлердің және өмірлерін заңның орнауына арнаған сақшылар алдында табыстау.
Қиын-қыстау жылдарда өздеріне жүктелген міндеттерін адал атқарған аға ұрпақтың үлгісі – жас тәртіп сақшыларына қоғамға адал қызмет ету үшін үлкен стимул болары анық.
«Қызметтік куәліктерді табыстау рәсімі ІІД мұражайында өтті, бұл жайдан-жай емес. Себебі, дәл осы жерде ішкі істер органдары қызметкерлерінің ерлігі жинақталған, ұрпақтардың сабақтастығы жас қызметкерлердің бойында отансүйгіштікке және таңдаған мамандығын құрметтеуге тәрбиелеуге мүмкіндік береді», – деп атап кетті облыстық ІІД Кадр жұмысы басқармасының бастығы, полиция полковнигі Наталья Калинина.
Петропавл қалалық ІІБ учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Алтынай Дүйсенбаева Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясын тәмамдаған. «Біздің қызметкерлердің ерлік істерімен таныстық. Полиция қатарына қызметке келгеніме қуаныштымын. Жұмысымды адал атқарып, жауапкершілікпен қараймын», – дейді мұражайдан алған әсерімен бөліскен Алтынай.
Заңға адал қызмет ету, жауапкершілікті сезіну – бұл Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД бастығының орынбасары Қапез Дәулетбаевтың және ІІО ардагерлерінің қызмет атқаруға бет алған жас тәртіп сақшыларына тілеген тілектері. Салтанатты іс-шара аяқталысымен жас лейтенанттар қызмет атқаруға кірісті. Олардың еңбек жолы жаңа ғана басталуда, алайда, жылдар өткеннен кейін бүгінгі жас тәртіп сақшыларының алғаш алған куәліктері облыстың ең үздік полицейлерінің бірінші құжаттары ретінде осы мұражайда орын табуы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*